ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»
1. Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызметтерді көрсететін бөлімшелерінің мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысы (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.natіоnalbank.kz) орналастырылған. 5. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі не айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметтер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметтер осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың пакеті ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|