ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау»
1. Валюталық операция және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты және аумақтық филиалдары көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық аппараты бөлімшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратында және аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.natіоnalbank.kz) орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі валюталық операция немесе шетел банкіндегі шот туралы қағаз тасымалдауыштағы хабарлама туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) олар валюталық операцияны жасаған кезде көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: тұтынушы валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|