ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Валюталық операцияны тіркеу»
1. Валюталық операцияны тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсететін аумақтық филиалдары бөлімшелерінің мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызметтер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.natinalbank.kz) орналастырылған. 5. Валюталық операция туралы тіркеу куәлігі не валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) олар валюталық операцияны жүргізген кезде көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметтер тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|