ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»
1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын болу дәрежесі туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшелерінің мекенжайы мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.natinalbank.kz) орналастырылған. 5. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) беру не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметтер заңды тұлғаларға: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|