ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап
1. Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшесінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімше) мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 30-бабының 5-тармағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының д-2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытынды беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимаратында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|