ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Сақтандыру қызметтері туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде» 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8(727)2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізуге келісімді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына - Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|