ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу»
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8(727)2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі - жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына - Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 9. Өтініш берушілердің жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|