ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 85-бабы 1-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8(727)2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі - сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - сауда-саттықты ұйымдастырушыға (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 9. Өтініш берушілердің сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызмет көрсету болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|