ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8, 11-баптарының (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8(727)2619-226, 2788-104 телефондары арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі - жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісі бар жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|