Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы (2012.31.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі бекітілсін. 2. «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7074 болып тіркелген). 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген
Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі
1. Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту шарттары мен тәртібін айқындайды. 2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) дегеніміз жекеше нотариус пен оның үй-жайының орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында нотариаттық палатаға мүшелікке енген адамдарды аумақтық әділет органында есепке қою. ҚР Әділет министрінің 2012.31.08 № 310 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Нотариаттық палатаның мүшелігіне енген адам есептік тіркеуден өтуі үшін аумақтық әділет органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|