Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 353 Қаулысы
(2018.11.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 353 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ерғожин Дәулет Еділұлы,»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы,»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Жақсылықов Тимур Мекешұлы,»;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі - Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы,»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исекешев Әсет Өрентайұлы,».
2. ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)