Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №9-10, 102-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 522 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №14, 184-құжат). 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысымен бекітілген
Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау (бұдан әрі - лицензия) тәртібін айқындайды. 2.Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялауды тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - лицензиар) жүргізеді. 3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектілері (бұдан әрі - лицензиат) болып табылады. 4. Лицензия қолданылу мерзімін шектемей берілетін бас лицензия болып табылады. 5. Лицензия иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 5) біліктілік талаптарының 7) тармақшасын қоспағанда, біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензия беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесін лицензиар құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойып, өтініш берушіге жібереді (тапсырады). 8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органның қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы органға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру туралы сұрау жібереді. Лицензиардың сұрауы негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган жиырма бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді. 9. Лицензиар лицензияны осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензиар лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. 10. Лицензияда астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) орналасқан жері көрсетіледі. 11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. 12. Заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді. 13. Лицензиат тиісті жазбаша өтінішін берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді. 1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады; 3) лицензияланатын қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайдаларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 15. Егер лицензия осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
16. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 17. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензия алып қойылғанда; 2) заңды тұлға таратылғанда бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 4) лицензияланатындардың тізбесінен осы түр алып тасталғанда тоқтатылады. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. 19. Лицензиар бекітілген кестелерге сәйкес лицензиаттың жаңа өнім астығын қабылдау дайындығы мәніне жыл сайын тексерісті және лицензиаттың тексеру актілерін ресімдеуді жүзеге асырады. 20. Лицензиар өз құзыреті шегінде лицензиаттан тиісті құжаттар беруді талап етуге және лицензиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жазбаша немесе ауызша түрде ақпаратты алуға құқылы. 21. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрылған, қайта берілген және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялар тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №769 қаулысымен бекітілген
Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары: 1) астықты қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді жүзеге асыратын астық қоймасына (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығының; 2) өткізу режимінің, салмақ өлшейтін жабдықтың, астық сақтайтын сыйымдылықтардың; 3) жұмыс істейтін көтергіш-көлік жабдығы бар жүк түсіретін құрылғылардың, аспирациялық және желдеткіш желілердің; 4) жұмыс істейтін астық тазалау машиналарының және астық кептіргіштерінің (егер технологиялық схемада көзделсе); 5) астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) технологиялық процесті сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс істейтін технологиялық жабдықтың; 6) қажетті зертханалық жабдықтармен және құралдармен жарақталған (оның ішінде ылғал өлшегіштер, кептіргіш шкафтар, дән үнтақтау үшін диірмендер, елеуіштер жиынтығы, сынақ алғыштар, өлшегіштер, дән маңызын жуатын жабдықтар, зертханалық таразылар, астықтың залалдануын анықтау үшін оптикалық құралдар) және өлшеу жағдайы бағалаудан өткен жұмыс істейтін өндірістік-технологиялық зертхананың; 7) өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган қорытындысының; 8) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.
|