«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті денгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды. 2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзірленеді. 3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. 4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|