Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы (2015.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) базалық желі - көміртегі қос тотығының баламасына тоннамен белгіленген кезеңде немесе жылда өндірілген парниктік газдар шығарындылары көлемінің шамасы; 2) квоталар көлемінің резерві - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында және парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына (бұдан әрі - ұлттық жоспар) сәйкес алғашқы бөлу кезінде парниктік газдар шығарындыларына квота алмаған, бірақ оның қолданысы кезеңінде пайдалануға енгізілген және квоталау бойынша талапқа жатқызылатын жаңа қондырғыларға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталардың көлемі; 3) парниктік газдар шығарындыларына квоталар - ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қондырғыға бөлінген парниктік газдар шығарындыларының реттелетін сандық көлемі; 4) парниктік газдардың реттелетін шығарындылары - Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын бекітілген парниктік газдар тізбесіне енгізілген парниктік газдар шығарындылары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|