|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы (2023.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығының 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) қағидалары бекітілсін; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамалары бекітілсін. 2. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ тиісті куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. 3. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін және оны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдасын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 21-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |