Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) ҚАЖ мекемелеріне: 1) флюрографиялық тексерістер өткізуге; 2) бактериологиялық (микроскопиялық және культуральдық) зерттеулер жасауға, туберкулезге қарсы ұйымдардың зертханалары базасында туберкулездің туберкулезге қарсы препараттарына микробактерияларға дәрілік сезімталдылығына тест өткізуге; 3) Орталықтандырылған дәрігерлік-кеңестік комиссиялардың бірлескен отырысын; 4) ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы шаралардың мониторингін өткізуге; 5) туберкулезбен науқас адамдар туралы туберкулезге қарсы ұйымдар, ҚАЖ мекемелері арасында ақпаратпен алмасуға; 6) әдістемелік-ұйымдастыру, техникалық және консультативтік көмек көрсетсін. 3. ҚАЖ аумақтық бөліністерінің бастықтарына мыналарды: 1) бактерия бөлу мен дәрілік тұрақтылығын ескере отырып, туберкулезбен науқастарды жеке ұстауды; 2) туберкулезбен науқас адамдармен қарым-қатынаста болатын қызметкерлерді жоғары дәрежедегі жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|