Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, (2010.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржы құралдарының тізбесі
1. Шетелдік: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар; 5) акциялар; 6) репо және кері репо операциялары; 7) депозиттер (салымдар); 8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending); 9) стандартты туынды қаржы құралдары; 10) құрылымдық өнімдер; 11) валюталар; 12) ақша нарығы қорлары. 2. ҚР Үкіметінің 2010.29.12. № 1438 қаулысымен 2-тармақ алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
|