Қазақстан Республикасында Инсульт орталықтарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 136-тармағын орындау үшін және ми қан айналымының жіті бұзушылығы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырылған: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инсульт орталықтарының (бұдан әрі - ИО) қызметін ұйымдастыру жөніндегі «Жол картасы»; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2012 жылы ИО жұмыс істеуі үшін ми қан айналымының жіті бұзушылығы бар науқастарды емдеудің халықаралық стандарттарына медицина қызметкерлерін оқыту жөніндегі «Жол картасы» бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша): 1) меншік нысанына қарамастан барлық мүдделі денсаулық сақтау ұйымдарының осы бұйрықты орындауын; 2) есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне ИО ұйымдастыру жөніндегі ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілді 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|