Өңірлер және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлуін бекіту туралы (2012.14.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамыр № 625 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының 7-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Өңірлер және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлуін бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 2012 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді уақтылы аударуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығы департаментi: 1) өз құзыреті шегінде облыстар бойынша субсидиялаудың бекітілген көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттермен облыстық бюджеттерге аударылған қаражатты пайдалану мониторингін жүргізсін; 2) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы жетекшiлiк ететін ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн. 5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|