Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау
1. Осы Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады. 3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 4. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.
5. Өтініш беруші лицензия алу үшін (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 6. Лицензия алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, жіберіледі (тапсырылады). 7. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген; 3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 9. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. 10. Егер лицензиар өтініш берушіге белгіленген мерзімде лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды өзі мәлімдеген қызмет түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді. 11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 12. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 13. Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті. 15. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 16. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға арналған біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) оқу өткізу үшін меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базасының (оқытатын үй-жайлар, жабдықтар, аспаптар); 2) оқыту саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті оқытушылар құрамының; 3) бекітілген мамандарды оқыту бағдарламасының; 4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының болуын қамтиды.
|