Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 қаулысымен бекітілген
Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін анықтайды. 2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беруді ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар оларды палаталарда тіркеу жолымен жүзеге асырады. 3. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет, ірі қара малдың әр басына ол туылғанда беріледі. 4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) асыл тұқымды мал - тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал; 2) асыл тұқымды малдың карточкасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|