«Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 113-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесi
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|