Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері (2011.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Қуаныш Сұлтанұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму жөніндегі комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша) Бурлаков - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Леонид Николаевич Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөніндегі комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша) Нығматулин - Қазақстан Республикасының Парламентi Ерлан Зайроллаұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ермек Әмiрханұлы вице-министрi Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және Геннадий Николаевич ғылым бірiншi вице-министрi Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрінің қаржы және экономика жөнiндегі орынбасары Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше Валерий Викторович жағдайлар жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары мына: «Ақпенова - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат Раушан Төлеқызы және қоғамдық келісім министрлігінiң Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті Телерадио хабарларын тарату басқармасының бастығы, хатшы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпенова - Қазақстан Республикасы Ақпарат Раушан Төлеқызы министрлігінiң Бұқаралық ақпарат құралдары департаментi Телерадио хабарларын тарату басқармасының бастығы, хатшы» 2) 2 және 3-тармақтардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын. ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң мiндетiн атқарушы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның қызметiн регламенттейдi. ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия жерүстi телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнетiн шектелген мемлекеттік ресурс - радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру, халықтың теледидар және/немесе радио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында құрылған. 3. Комиссия қызметi оның құзыретiне енетiн мәселелердi талқылау мен шешу кезіндегі жариялылық пен ашықтық негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары: 1) Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыруға және теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға жәрдемдесу; 2) жерүстi теледидар және/немесе радио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнетiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шешiмдердi қабылдау; 3) теледидар және/немесе радио хабарларын тарату мақсатына радиожиiлiк спектрiнiң алқаптарын (номиналдарын) бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 4) жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және олардың шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңiмпаздарды анықтау жөнiнде шешiмдер қабылдау; 4-1) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау; 4-2) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларын тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 5) теледидар және/немесе радио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi бойынша теле- және/немесе радиокомпаниялардың қызметiн қарау және теледидар және/немесе радио хабарларын тарату мақсатына бөлiнетiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға, халықтың теле және/немесе радио бағдарламаларға сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға бағытталған ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 6. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға; 2) Қазақстан Республикасының Yкіметіне Комиссияның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 3) қажет болған жағдайда, өз жұмысына мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға; 4) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру 7. Комиссияның төрағасы және дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады. 8. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары төрағалық етушi болып табылады. 9. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ кем дегенде жарты жылда бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екi бөлiгi қатысқан жағдайда болып өттi деп саналады. 1) Комиссия отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгiзуге; 2) отырыстарда сөз сөйлеуге және енгiзiлген ұсыныстар бойынша дауыс берудiң өткiзiлуiн талап етуге; 3) Комиссияның материалдарымен танысуға және олардың көшiрмелерiн алуға құқылы. 11. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. 12. Күн тәртібінiң әрбір мәселесi бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып саналады. 13. Қажет болған жағдайда, Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдау үшiн ұсынылуы мүмкін. 14. Комиссия отырыстарының хаттамаларын оның жұмыс органы ресiмдейдi және қол қойылғаннан кейiн Комиссия мүшелерiне таратылады. Қажет болған жағдайда Комиссия шешiмдерiнен үзiндi көшiрмелер мүдделi мемлекеттік және өзге де органдарға жiберiледi. 15. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажет материалдарды дайындауды жүзеге асырады және олардың iске асырылуын қамтамасыз етеді. 16. Комиссияның жұмыс органы бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган болып табылады. |