Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы (2017.29.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегi № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.29.05. № 306 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Экологиялық кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жоба - парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жоба; 2) жобалық кезең - тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен көміртегі бірліктерін беру жүргізілетін, жобаның іске асырылу мерзімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|