Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 105-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді. 3. Мемлекеттік орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажетті орман қорының жер учаскелері туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|