|
|
|
Қазақстан Республикасының (2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат): 488-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.». 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат): 1) мазмұнында: 127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану»; 2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 147-6-баптың тақырыбы «энергиясын өткізу (сату)» деген сөздерден кейін «және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 147-9-баптың тақырыбы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 147-13-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «147-13-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу»; 223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «223-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу»; мынадай мазмұндағы 223-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «223-1-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу»; 2) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын: «127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану 1. Электр және (немесе) жылу энергиясын пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану - жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Су құбырлары желiлерiнен суды пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) 147-6-бапта: 2-тармақтың 3) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді тақырыбы «энергиясын өткізу (сату)» деген сөздерден кейін «және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептiк тарифінен» деген сөздер «электр энергиясына арналған шекті тарифтен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен асатын баға бойынша өткізуі, - орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацы «әкімшілік құқық бұзушылық» деген сөздердің алдынан «заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылып, «проценті» деген сөз «пайызы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-бөліктермен толықтырылсын: «2-1. Энергия өндіруші ұйымның энергия өндіруші басқа ұйымнан электр энергиясын заңсыз алуы (сатып алуы) - орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші - он төртінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2-2. Энергия өндіруші ұйымның жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарты жоқ энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуі (сатуы), - орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2-3. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын тұтынушының энергия өндіруші ұйымнан жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай электр энергиясын алуы (сатып алуы) - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан оны заңсыз алуы (сатып алуы), - заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; ескертуде: бірінші абзацтағы «Ескерту» деген сөз «Ескертулер» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың 3) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді екінші абзацтағы «тиісінше шекті, есептiк, жеке» деген сөздер «шекті» деген сөзбен ауыстырылсын; 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін абзацтың қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «1-1 және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 147-7-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-бөліктермен толықтырылсын: «1-1. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 1-2. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 1-3. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертулер. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп мыналар: осы баптың 1-2-бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған табысы (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма; осы баптың 1-3-бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма; осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған табысы (түсiмi) мен бағаны көтергенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген табыстың (түсiмнің) арасындағы айырма түсiнiледi. Табыстың (түсiмнің) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнын да енгiзу қажет.»; 2-тармақтың 5) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) 147-9-бап алып тасталсын; 6) мынадай мазмұндағы 147-13-баппен толықтырылсын: «147-13-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу 2-тармақтың 6) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды 1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы, - орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізукөлемі бойынша есепті ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, - орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, - орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды 4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы, - орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартуы, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7) 223-бап мынадай редакцияда жазылсын: «223-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін тудыратын немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтырған электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) ажыратуға әкеп соқтырған энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу, - жеке адамдарға - он бес, лауазымды адамдарға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге - жетпіс бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын: «223-1-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу 1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы, - дара кәсiпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, - дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 9) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын: «224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру 1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кабель желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру - жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кабель желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру - жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - қырық, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2-тармақтың 10) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 10) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «147-9,» деген цифрлар алып тасталсын; 11) 541-баптың бірінші бөлігі: 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін 11) тармақтың екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды «147-1 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «147-6 (1-1, 2-1, 2-2 және 2-3-бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «147-12,» деген цифрлардан кейін «147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 565-1-баптың бірінші бөлігінде: «147-6» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «147-9,» деген цифрлар алып тасталсын; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: жиырма екінші абзац алып тасталсын; 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін 13) тармақтың үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (1-1 және 2-1-бөлiктерi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды 2-тармақтың 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13 (үшiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерi), 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);» елу жетінші абзац «127» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат): 1) 3-баптың 4) тармақшасы «монополия» деген сөзден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 7-бапта: бірінші бөлікте: 7) тармақша «бастап» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 7-5) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын: «7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге және осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |