Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 220 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 400-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 86-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 қаулысымен бекітілген
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын (бұдан әрі - ББМЖМС) әзірлеудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|