Қазақстан Республикасында Гемопоэздік дің жасушалары донорларының Тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2017.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 73-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауды енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Гемопоэздік дің жасушалары донорларының Тіркелімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Тіркелім) бекітілсін. 2. Тіркелімді жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Орталық) бекітілсін. 3. Облыстардың, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармалары осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында Гемопоэздік дің жасушалары донорларының Тіркелімін жүргізу қағидасына сәйкес Орталыққа гемопоэздік дің жасушаларының донорлары туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Тіркелімді уақытылы жүргізіді үйлестіруді қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 926 бұйрығымен бекітілді
Гемопоэздік дің жасушалары донорларының Тіркелімін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|