Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 932 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету тәртібін айқындайды. 1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесi - электр энергиясын есепке алу деректерiн өлшеу, жинау, өңдеу, сақтау және беру үшiн өлшеу құралдарының және аппараттық-бағдарламалық кешенiнiң жиынтығы; 2) электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші - энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымдардың барлығы тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінсіз тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым; 3) өндіру кестесі - энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруінің тәуліктік теңгерімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|