Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 Қаулысымен күші жойылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1040 қаулысына қосымша
Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар
1. Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды. 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) электр қозғалтқыш - электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы; 2) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) - энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар; 3) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi - ПӘК) - пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|