ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1755 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларымен (бұдан әрі - уәкілетті орган), «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензирование» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48-бабының 2-тармағына, «Автоматтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) уәкілетті органның интернет-ресурсында; 2) уәкілетті органның үй-жайларындағы стенділерінде және ақпараттық тақталарында; 3) порталда; 4) call-орталығында: (1414) орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|