|
|
|
11-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 11) Мақсаты Осы Стандарттың мақсаты құрылысқа жасалған келісімшарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылысқа жасалған келісімшарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай келісімшарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылысқа жасалған келісімшарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды бөлу болып табылады. Пайда мен шығын туралы есепте табыстар мен шығыстар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс болған кезін анықтау үшін осы Стандарт қаржы есептілігін даярлау мен тапсыруды Концептуалды негізінде[1] белгіленген тану өлшемдерін пайдаланады. Ол сондай-ақ осы өлшемдерді қолдану жөнінде іс жүзіндегі нұсқаулар береді. 1. Осы стандарт құрылысқа жасалған келісімшарттар үшін мердігерлердің қаржы есептілігінде қолданылуы тиіс. 2. Осы Стандарт 1978 жылы бекітілген 11 Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттарын есепке алу ХҚЕС-ты (IAS) алмастырады. 3. Осы Стандартта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде қолданылады: Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған келісімшарт. Белгіленген бағасы бар келісімшарт - бұл келісімшарт, оған сәйкес мердігер келісімшарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген мөлшерлемесіне келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін. Шығындарды қосу келісімшарты - бұл құрылысқа жасалған келісімшарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі. 4. Құрылысқа жасалған келісімшарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, құбырлар, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар салу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай келісімшарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған келісімшарттар осының мысалы бола алады. 5. Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу келісімшартына мыналар жатады: (a) объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған келісімшарттар; және (b) объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған келісімшарттар. 6. Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылысқа жасалған келісімшарттар және шығындарды қосу келісімшарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылысқа жасалған келісімшарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар шығындарды қосу келісімшарттары жағдайындағы сияқты келісімшарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер 23- және 24-тармақтарда мазмұндалған жағдайларды құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды қай кезде тану керектігін анықтау үшін қарауы қажет. 7. Әдетте осы Стандарттың талаптары құрылысқа жасалған келісімшарттың әрқайсысына бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда Стандартты бірыңғай келісімшарттың бөлек анықталатын құрамдас бөліктеріне немесе келісімшарттың немесе келісімшарттардың тобының мәнін көрсету үшін келісімшарттар тобына бірге қолдану керек. 8. Келісімшарт бірқатар актив объектілерін қамтыған кезде олардың әрқайсысы құрылысқа жасалған бөлек келісімшарт ретінде қарастырылуы тиіс; егер: (a) әрбір объектінің құрылысына жеке жоба берілетін болса; (b) әрбір объекті бойынша жеке келіссөздер жүргізілетін және мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір объекті жөніндегі келісімшарттың бір бөлігін қабылдау немесе орындаудан бас тарту мүмкіндігі болса; және (c) әрбір объекті бойынша шығыстар мен табыс идентификациясы мүмкін болса. 9. Келісімшарттар тобының, бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалған, құрылысқа жасалған бірыңғай келісімшарт ретінде қарастырылуы тиіс, егер: (a) келісімшарт келісімшарттардың тобынан тұратын пакет бойынша жүргізілетін болса; (b) келісімшарттар пайданың жалпы нормасымен осы келісімшарттар іс жүзінде бірыңғай жобаның бөлігі болып табыла отырып өзара тығыз байланысты болса; және (c) келісімшарттар бір мезгілде немесе үздіксіз жүйелілікте орындалатын болса. 10. Келісімшарт тапсырыс берушінің қалауы бойынша қосымша объекті құрылысын салуды көздеуі мүмкін немесе қосымша объектінің құрылысы туралы ережені енгізу үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша актив құрылысы құрылысқа жасалған жеке келісімшарт ретінде мынадай кездерде қарастырылуы тиіс: (a) объекті өзінің құрылымы, технологиясы мен қызметі жағынан объектіден немесе бастапқы келісімшартпен көзделген объектілерден елеулі түрде өзгешелігі болса; не (b) объектінің бағасы туралы келіссөздер бастапқы келісімшарттың құнына қарамастан белгіленетін болса. 11. Құрылыс жұмыстарынан түсетін табыстарға мыналар жатады: (a) келісімшартта келісілген табыстың бастапқы сомасы; және (b) келісімшарттың талаптарынан ауытқулар, наразылықтар мен ынталандыру төлемдері: (i) олардың табыстың туындауына әкеп соқтыратын деңгейіндегі; және (ii) егер ауытқулар сомасы сенімді түрде бағалана алса. 12. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс алынған немесе алынуы тиісті өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табысты бағалау болашақ оқиғалардың нәтижесіне байланысты болатын әртүрлі екіұштылыққа ұшырайды. Есептік бағалаулар көбінесе оқиғалардың басталуы мен екіұштылықтардың жойылуына қарай қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы бір кезеңнен келесі кезеңге артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы: (a) мердігер мен тапсырыс беруші келісімшарт жасалғаннан кейінгі кезеңде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табысты арттыратын немесе кемітетін ауытқу сомаларын немесе қарсылықты келістіруі мүмкін; (b) белгіленген бағасы бар келісімшартта келісілген табыс сомасы бағалардың артуына жол беретін ескертулер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін; (c) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы мердігердің кінәсінен келісімшартты орындауда кешіктірулер нәтижесінде туындаған айыппұл санкцияларының нәтижесінде кемуі мүмкін; немесе (d) белгіленген бағасы бар келісімшарт шығарылатын өнімді шығаруға белгіленген үлесті көздеген кезде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс шығарылған бұйымдар санының артуына қарай ұлғаяды. 13. Ауытқу ‑ бұл тапсырыс берушінің құрылыс ұйымына құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалатын жұмыстар ауқымының өзгеруіне берген нұсқауы. Ауытқу құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстың артуына немесе кемуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ауытқудың мысалы объекті сипаттамасының немесе құрылымының өзгеруі және келісімшарт мерзімінің ұзақтығының өзгеруі болып табылады. Ауытқуға құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы жатады, егер: (a) тапсырыс беруші осы ауытқудың және осыған байланысты туындайтын кіріс сомасының ықтималдығы болуын мақұлдайтын болса; және (b) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса. 14. Шағым ‑ құрылыс ұйымы мердігер тапсырыс берушіден немесе басқа тараптан келісімшарт бағасына енгізілмеген шығындарды өтеу ретінде алуға ұмтылатын сома. Шағым, мысалы, тапсырыс берушінің кінәсінен кідірістердің, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша техникалық сипаттамалардағы немесе құрылымдардағы қателіктер және даулы ауытқулар нәтижесінде туындауы мүмкін. Шағымдар нәтижесінде туындайтын табыс сомасының өлшемінде екіұштылықтың жоғары деңгейі болады және көбінесе келіссөздердің нәтижелеріне байланысты болады. Сондықтан шағымдар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріске тек мына жағдайларда ғана жатады: (a) келіссөздер тапсырыс беруші шағымды қабылдап алуы мүмкін болатын деңгейге жеткенде; және (b) тапсырыс беруші танитын сома, әлбетте, сенімді түрде бағалана алса. 15. Ынталандыру төлемдері ‑ бұл, егер жұмыстарды орындаудың белгіленген нормалары сақталатын немесе асып кететін болса, құрылыс ұйымы мердігерге төлейтін қосымша сома. Мысалы, келісімшартта мердігердің құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін ынталандыру төлемі көзделуі мүмкін. Ынталандыру төлемдеріне құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс жатады, егер: (a) жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталуының немесе артып кетуінің мейлінше ықтималдығы болған кезде келісімшарт атқарылу сатысына жететін болса; және (b) ынталандыру төлемдерінің деңгейі сенімді түрде өлшенуі мүмкін болған кезде. 16. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға мыналар жатады: (a) нақты келісімшартпен тікелей байланысты шығындар; (b) жалпы алғанда мердігер келісімшарты бойынша іс-шараларға жатқызуға болатын және нақты келісімшартқа жатқызылуы мүмкін шығындар; және (c) келісімшарт талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге төленуі тиіс осындай басқа да шығындар. 17. Нақты келісімшартқа тікелей қатысты шығындарға мыналар жатады: (a) құрылыс алаңындағы қадағалауды қоса алғанда, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақысы; (b) құрылыс салу кезінде пайдаланылған қосалқылардың құны; (c) келісімшартты орындау үшін пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясы; (d) құрылыс алаңына және алаңынан машиналарды, жабдықтар мен материалдарды көшіріп орнатуға жұмсалған шығындар; (e) машиналар мен жабдықтар жалдауға жұмсалған шығындар; (f) келісімшартпен тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар; (g) қателіктерді түзету мен кепілдік жұмыстарға жұмсалған болжамды шығындар, оның ішінде кепілдік жөндеу шығындары; және (h) үшінші тараптардың шағымдары. ¶· Бұл шығындар құрылысқа жасалған шарт бойынша кіріске енгізілмеген кездейсоқ табыспен, мысалы, келісімшарт орындалғаннан кейін материалдардың артықтарын сатудан және машиналар мен жабдықтардың шығарылуынан түскен табыспен кемуі мүмкін. 18. Тұтастай алғанда құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар, сондай-ақ, нақты келісімшарттарға жатқызылуы мүмкін, ол шығындарға мыналар жатады: (a) сақтандыру төлемдері; (b) нақты келісімшартпен тікелей байланысты емес конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар; және (c) құрылыс бойынша үстеме шығыстар. Мұндай шығындар ұқсас сипаттамалары бар барлық шығындарға дәйекті түрде қолданылатын жүйелі және ұтымды әдістер көмегімен бөлінеді. Оларды бөлу құрылыс қызметінің қалыпты көлеміне негізделеді. Құрылыс бойынша үстеме шығындарға құрылыс қызметкерлері құрамының жалақысы бойынша деректерді әзірлеуге және өңдеуге жұмсалатын шығындар сияқты шығыстар жатады. Тұтастай алғанда құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар қарыз қаражатын қоса алғанда нақты келісімшарттарға жатқызылуы мүмкін. 19. Келісімшарттың талаптары бойынша тапсырыс беруші тікелей алып жүретін шығындар өтелуі келісімшартпен көзделген жалпы әкімшілік шығыстар мен әзірлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігіне қосылуы мүмкін. 20. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша мердігердің қызметіне жатпайтын және құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылмайтын шығындар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға қосылмайды. Мұндай шығындарға мыналар жатады: (a) өтелуі келісімшарттың талаптарымен көзделмеген жалпы әкімшілік шығыстар; (b) өткізу бойынша шығындар; (c) өтелуі құрылысқа жасалған келісімшартпен көзделмеген зерттеулер мен талдамаларға жұмсалатын шығындар; және (d) нақты келісімшарт бойынша пайдаланылмайтын тоқтап қалған машиналар мен жабдықтардың амортизациясы. 21. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға оған қол қойылған күннен бастап толық аяқтауға дейінгі кезең ішінде құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылатын шығындар жатады. Алайда келісімшартпен тікелей байланысты және оны жасасу үшін шеккен шығындар да, егер олар жеке анықталатын және сенімді түрде өлшенетін болса, сонымен бірге, егер келісімшарт жасалған болса, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындардың бір бөлігі ретінде жатқызылады. Егер де келісімшарт жасауды қамтамасыз ету кезінде шеккен шығындар олардың туындауы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын болса, егер келісімшарт келесі кезеңде жасалатын болса, олар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға жатпайды. 22. Егер құрылысқа жасалған келісімшарттың нәтижесі сенімді бағаланған болса, ол бойынша табыс және шығындар тиісінше есепті күнгі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстың аяқталу кезеңіне сілтемелер беру арқылы табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша күтілетін шығын 36-тармаққа сәйкес шығыстар ретінде дереу танылуы тиіс. 23. Белгіленген бағасы бар келісімшарт жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша нәтиже мына төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде сенімді бағалануы мүмкін: (a) келісімшарт бойынша жиынтық табыс сенімді түрде бағалануы мүмкін; (b) келісімшартпен байланысты экономикалық пайдалардың ұйымға түсуі ықтимал болғанда; (c) құрылысқа жасалған келісімшартты аяқтау үшін қажетті келісімшарт бойынша шығындар, сондай-ақ есепті күнгі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталуының сатысы сенімді түрде бағалануы мүмкін; (d) құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылатын келісімшарт бойынша шығындардың айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін, демек құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша іс жүзінде шеккен шығындар бұрын жүргізілген есептік бағалаулармен салыстырылуы мүмкін. 24. Шығындарды қосу келісімшарты жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде дұрыс бағалануы мүмкін: (a) келісімшартпен байланысты экономикалық пайдаларды ұйым алу ықтимал болғанда; (b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар, олардың нақты өтеуге жатқызылуына немесе жатқызылмауына қарамастан, оған жататын шығындардың айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін. 25. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысына қатысты табыстар мен шығыстарды тану көбінесе орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіс деп аталады. Осы әдіске сәйкес келісімшарт бойынша табыстар белгілі бір аяқталу сатысына жету кезінде шеккен келісімшарт бойынша шығындармен қатыстылықта болады, бұл ретте олар есептілікте жұмыстардың аяқталған бөлігіне жатқызылуы мүмкін табыстар, шығыстар және пайда туралы хабарлама беріледі. Бұл әдіс құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың көлемі және кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпарат береді. 26. Орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіске сәйкес құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс тиісті жұмыс орындалған кездегі есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар әдетте жұмыс орындалған кезде осы кезеңдерге жататын жұмыс орындалған кезде есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі. Алайда келісімшарт бойынша сомалық шығындардың келісімшарт бойынша сомалық кірістен күтілетін артуы 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады. 27. Мердігер болашақ қызметпен байланысты құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар шегуі мүмкін. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша мұндай шығындар, егер оларды өтеу ықтимал болса, актив ретінде есептеледі. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынуы тиісті сома болып табылады және көбінесе құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша аяқталмаған өндіріс болып бағаланады. 28. Құрылыс келісімшартының нәтижесі ұйым одан экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайында ғана, сенімді түрде бағалануы мүмкін. Алайда, ендігі жерде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріске енгізілген және ендігі жерде пайда мен шығын туралы есепте танылған соманы алу мүмкіндігіне қатысты екіұштылық туындаған кезде алынуы мүмкін емес сома, немесе өтелуі ықтимал болудан қалған сома құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасын түзету ретінде емес, қайта шығыс ретінде танылады. 29. Әдетте, ұйым келісімшарт жасалғаннан кейін сенімді бағалаулар жүргізуі мүмкін, ол мыналарды белгілейді: (a) ыңғайласпа өтеуге қатысты әрбір тараптың заңды құқықтары; (b) қарсы орын толтыруды; және (c) есеп айырысудың нысаны мен шарттарын. Ұйымның, сондай-ақ, қаржылық жоспарлары мен есептілігінің тиімді ішкі жүйесі болуы қажет. Келісімшарттың орындалуына қарай ол құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстарды тексереді және қажет болған жағдайда оларды қайта қарайды. Мұндай қайта қараудың қажеттілігі келісімшарт нәтижесінің сенімді түрде бағалануы мүмкін емес екенін білдіреді. 30. Келісімшарттың орындалу сатысы бірқатар әдістермен анықталуы мүмкін. Ұйым ол әдістерден орындалған жұмыстың сенімді түрде өлшенетінін қамтамасыз ететін әдісті пайдаланады. Келісімшарттың сипатына қарай бұл әдістерге мыналар жатуы мүмкін: (a) есеп жасалған күні жұмыстарды орындау үшін шеккен құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындардың құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жалпы шығындардың есептік деңгейіне қатынасын айқындау; (b) орындалған жұмыстарды байқау; не (c) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың қандай да бір табиғи үлесін нақты есептеу. Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер мен аванстар көбінесе орындалған жұмыстың нақты көлемін көрсете бермейді. 31. Орындалу сатысы есеп жасалған күні шеккен келісімшарт бойынша шығындарға қатынасы бойынша анықталған кезде, тек орындалған жұмысты көрсететін құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар ғана белгілі бір күнге шеккен шығындарға жатқызылады. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс дәрежесін көрсетпейтін шығындардың мысалдары мыналар болып табылады: (a) құрылыс алаңына жеткізілген немесе келісімшарттың орындалуы жағдайында пайдалану үшін кейінге қалдырылған, бірақ әлі пайдаланыла қоймаған немесе, егер осы материалдар осы келісімшарт үшін арнайы дайындалмаған болса, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша пайдаланылмаған немесе қолданылмаған материалдардың құны сияқты, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша болашақ қызметке жататын шығындар; және (b) көмекші мердігер келісімшарттары бойынша орындалған жұмыстар есебіне көмекші мердігерлерге алғытөлемдер. 32. Егер құрылысқа жасалған келісімшарттың нәтижесі сенімді ретінде бағаланбайтын болса: (a) табыс құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындардың қандай дәрежеде өтелуі ықтимал болғанда ғана танылуы тиіс; және (b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар олардың туындауы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша күтілетін шығын 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылуы тиіс. 33. Келісімшартты орындаудың басталу сатыларында оның нәтижесін сенімді түрде бағалау көбіне қиын болады. Соған қарамастан ұйымның құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындарды өтеуі ықтимал болады. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріс шеккен шығындар өтелуі күтілетін деңгейде ғана танылады. Өйткені келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмағандықтан пайда танылмайды. Алайда, тіпті егер келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайтын болса, келісімшарт бойынша жалпы шығындар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кірістің жалпы сомасынан артып кетуі де ықтимал. Мұндай жағдайларда келісімшарт бойынша күтілетін жалпы шығындардың осы келісімшарт бойынша жалпы табыстан артуы 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады. 34. Мердігер келісімшарты бойынша шығындар, олардың өтелу ықтималдығы нөлге тең болғанда, шығыс ретінде дереу танылады. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындарды өтеу ықтималдығы болмайтын және оларды шығыс ретінде дереу тану жағдайларының мысалдарына мына келісімшарттар жатады: (a) құқықтық қорғау толық дәрежесінде қамтамасыз етілмеген, яғни олардың заңдық күші үлкен күмәнді мәселе болып қалатын келісімшарттар; (b) орындалуы күтілетін соттық талқылаулардың немесе заң актілерінің нәтижесіне байланысты; (c) соттың шешімі бойынша иеліктен айыруы немесе тәркіленуі ықтимал мүлікке қатысты; (d) тапсырыс беруші өзінің міндеттемелерін орындай алмаған кездегі; немесе (e) құрылыс ұйымы келісімшартты аяқтай алмаған немесе ол бойынша міндеттемесін орындай алмаған кездегі келісімшарттар. 35. Егер келісімшарттың нәтижелерін сенімді түрде бағалауға кедергі келтіретін белгісіздіктер болмаса, құрылысқа жасалған келісімшартпен байланысты кірістер мен шығыстар 32-тармаққа сәйкес емес, керісінше 22-тармаққа сәйкес танылуы тиіс. 36. Келісімшарт бойынша жалпы шығындар келісімшарт бойынша жалпы табыстан артып кетуі ықтимал болған кезде күтілетін шығын залал ретінде дереу танылуы тиіс. 37. Мұндай шығынның деңгейі мыналарға қарамастан анықталады: (a) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстың басталуына немесе басталмауына; (b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың орындалу сатысына; немесе (c) 9-тармаққа сәйкес құрылысқа жасалған бірыңғай келісімшарт ретінде қарастырылмайтын басқа келісімшарттардан алынуы күтілетін пайда сомасы мөлшеріне. 38. Орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіс әрбір есеп кезеңіндегі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындардың ағымдағы есептік бағалауларына кумулятивтік негізінде қолданылады. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындардың есептік бағалауындағы өзгерістен тиімділік немесе келісімшарт нәтижесі есептемесіндегі өзгеріс тиімділігі есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеріледі (8-ші Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп багалауларындагы болатын өзгерістер және қателер ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз). Өзгертілген есептемелер өзгерістер жасалған кезеңдегі және одан кейінгі кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте танылған табыстар мен шығыстар деңгейін анықтау кезінде пайдаланылады. 39. Ұйым мыналарды: (a) кезең ішінде табыс ретінде танылған келісімшарт бойынша табыс сомасын; (b) кезең ішінде танылған келісімшарт бойынша табысты анықтау үшін пайдаланылған әдістерді; және (c) орындалу барысындағы келісімшарттардың орындау сатысын анықтау үшін пайдаланылған әдістерді ашуы керек. 40. Есепті күні орындалу барысындағы аяқталмаған келісімшарттар үшін мына төмендегілерді ашуы тиіс: (a) ағымдағы күнгі шеккен залалдар мен танылған пайданың жалпы сомасы (танылған пайданы шегергенде); (b) алынған аванстар сомасы; және (c) ұстап қалулар сомасы. 41. Ұстап қалулар осындай төлемдер үшін келісімшартпен көзделген талаптарды орындағанға дейін немесе ақаулар жойылғанға дейін төленбейтін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша аралық шоттар түрінде ұсынылған сома болып табылады. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша аралық шоттар - бұл тапсырыс берушінің төлегеніне немесе төлемегеніне қарамастан, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс үшін қойылған сомалар. Құрылыс ұйымының тиісті жұмысты орындағанға дейін алған сомалары аванстар деп аталады. 42. Ұйым мыналарды есептілікте: (a) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиесілі жалпы сомасын актив ретінде; және (b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуі тиісті жалпы сомасын міндеттеме ретінде көрсетуі тиіс. 43. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуы тиісті жалпы сома - бұл нетто-мөлшер: (a) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; алу (b) шығын және ұсынылған аралық шоттар сомасы орындау процесіндегі барлық келісімшарттар үшін танылған оларда танылған пайдамен (танылған шығындарсыз) сомадағы шеккен шығындар ұсынылған аралық шоттардан артық болады. 44. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуі тиіс жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |