2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 281-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 5 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі, 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге, уақытша болуға құқық беретін жарамды құжаттарға осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар жатады. Осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшалар Келісімге 1 және 2-қосымшаларды алмастырады.
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама Келісіммен бір уақытта қолданысын тоқтатады.
2012 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|