Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 164, 166-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5934 тіркелген және 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 56 «Заң газеті» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қан және оның компоненттерінің донорларын медициналық тексеру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2) «Донор қанының және оның компоненттерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 684 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5930 тіркелген және 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 56 «Заң газеті» газетінде; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 5 жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Донор қанының және оның компоненттерінің сапасын бақылау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|