ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 533 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген
(2013.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензия» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаның, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасы мен 47-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасының (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат: 1) www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі бойынша ақпаратты call-орталықтың 1414 немесе 8 (7172) 24-27-10 телефондары арқылы алуға болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|