|
|
|
4-ші ХҚЕСТК Түсіндірмесі
Сілтемелер • 13-ші Әділ Құнды Бағалау ХҚЕС (IFRS 13) • 8-ші Есеп Саясаты, Бухгалтерлік Есеп Бағалауларындағы Болатын Өзгерістер мен Қателер ХҚЕС (IAS 8) • 16-ші Мүлік, Ғимарат және Жабдықтар ХҚЕС (IAS 16) (2003 жылғы редакция) • 17-ші Жалдау ХҚЕС (IAS 17) (2003 жылғы редакция) • 38-ші Материалдық Емес Активтер ХҚЕС (IAS 38) (2004 жылғы редакция) • 12-ші Қызмет Жөніндегі Концессиялық Келісімдер ҚЕХСТК (IFRIC 12)
1. Операциядан немесе бірқатар қатысты операциялардан тұратын жалдаудың заңды түріне ие болмайтын, бірақ төлем немесе бірқатар төлемдердің орнына активті пайдалану құқығын беруі мүмкін (мысалы, негізгі құрал объектісі бірлігі) келісім жасауы мүмкін. Бір ұйым (жабдықтаушы) екінші ұйымға (сатып алушыға) активті пайдалануға құқық беретін, көбіне ілеспелі қызметтермен бірге, келісімдердің мысалдарына төмендегілер жатады: • құқықты беру келісімдері (мысалы ұйымның мəліметтерді өңдеу қызметінің құқығын беру). • желінің өткізгіш қабілетінің жабдықтаушысы сатып алушыны өткізгіштік қабілетінің құқығын беруге келісімшарт жасауы мүмкін телекоммуникация саласындағы келісімдер. • сатып алушылар, келісілген өнімдерді немесе қызметтерді жеткізуді қабылдау-қабылдамауына қарамастан, аталған төлемді алуы тиіс сатып алуға, сатып алмаса айып төлеуге келісім жəне осыған ұқсас кесімдер (мысалы, жабдықтаушының жылу генераторының негізінен барлық шығарылымын сатып алуға сатып алу, сатып алмаса айып төлеуге келісім). 2. Осы Түсіндірмеде осындай келісімдер, 17 ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес есепке алынуы тиіс жалдау келісімдері болып табылатындығын немесе құрамына жалдау кіретіндігін анықтауға нұсқаулар берілген. Мұнда осындай жалдау осы Стандарт бойынша қалай жіктелуі тиіс екендігіне нұсқаулар берілмеген. 3. Кейбір келісімдерде, жалдаудың нысанасы болатын нақты актив үлкенірек активтің бөлігі болып табылады. Осы Түсіндірмеде 17 ХҚЕС (IAS) қолдану тұрғысынан қандай жағдайларда үлкенірек активтің бөлігі нақты актив болатынын анықтау мəселесі қарастырылмайды. Дегенмен, нақты актив 16 ХҚЕС-та (IAS) немесе 38 ХҚЕС-та (IAS) есеп бірлігі болып табылатын келісімдер осы Түсіндірменің қолданылу саласына жатады. 4. Осы түсіндірме төмендегідей келісімдерге қолданылмайды: (a) 17 ХҚЕС-тың (IAS) аясынан шығарылып тасталған жалдау келісімдері болып табылатын немесе құрамына осындай жалдау кіретін; немесе (b) 12 ХҚЕСТК (IFRIC) аясынан мемелекеттіктен жеке меншікке өтетін қызметтер жөніндегі концессиялық келісімдер. 5. Осы Түсіндірмеде қарастырылған мəселелер: (a) келісімнің 17 ХҚЕС-та (IAS) анықтамасы берілген жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретіндігін қалай анықтау керек; (b) келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау кіретіндігін анықтауды немесе қайта анықтау қандай жағдайларда жасау керек; жəне (c) егер келісім жалдау келісім болып табылса немесе құрамына жалдау кірсе, жалдау үшін төленетін төлемдерді келісімдегі басқа элементтер үшін төленетін төлемдерден қалай бөлектеу керек. Келісімнің жалдау келісімі болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін анықтау 6. Келісімнің жалдау келісімі болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін анықтау келісімнің мəніне негізделуі тиіс жəне төмендегілерді анықтауды талап етеді: (a) келісімнің орындалуы нақты активті немесе активтерді (осы актив) пайдалануға тəуелділігін; жəне (b) келісім активті пайдалануға құқық беретінін. Келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тəуелді болуы 7. Нақты активті келісімде айқын анықтауға мүмкіндік болса да, егер келісімнің орындалуы аталған активті пайдалануға тəуелді болмаса, бұл жалдаудың нысаны болмайды. Мысалы, егер жабдықтаушы тауарлар немесе қызметтердің аталған мөлшерін жеткізуге міндетті болса жəне сол тауарлар немесе қызметтермен келісімде аталмаған басқа активтерді қолданып жабдықтауға құқығы жəне мүкіндігі болса, келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тəуелді емес жəне келісімнің құрамына жалдау кірмейді. Аталған актив дұрыс жұмыс жасамағанда, сол активтердің немесе ұқсас активтердің орнын басуға рұқсат ететін немесе талап ететін кепілдік беру міндеттемесі жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды. Сонымен бірге, жабдықтаушыға аталған күні немесе одан кейін кез келген себеппен активтердің орнын басуға рұқсат беретін немесе талап ететін келісімшарттық ереже (шартты немесе басқаша) сол орнын басу күнінің алдында жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды. 8. Егер, мысалы, жабдықтаушы міндеттемені орындауға арналған тек бір активті иеленетін немесе жалдайтын болса жəне жабдықтаушының өз міндеттемелерін балама активтерді қолдану арқылы орындауы экономикалық жағынан іске асырылуы немесе орныдалуы мүмкін емес болса, актив айқын аталмаған болып табылады. Келісімнің активті пайдалану құқығын беруі 9. Егер келісім сатып алушыға (жалға алушыға) нақты активті қолдануды басқару құқығын беретін болса, келісім активті пайдалану құқығын беретін келісім болып табылады. Нақты активті қолдануды басқару құқығы, егер төмендегі шарттардың біреуі орындалатын болса, беріледі: (a) Сатып алушының, ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде активпен анықталатын түрде, активпен жұмыс жасауға немесе басқалардың активпен жұмыс жасауын басшылыққа алуға мүмкіндігі немесе құқығы болса. (b) Сатып алушының, ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде, нақты активке физикалық қол жеткізуді басқаруға мүмкіндігі немесе құқығы болса. (c) Деректер мен жағдайлар сатып алушыдан басқа бір немесе бірнеше тараптар келісімнің мерзімі барысында актив көмегімен жасап шығарылатын немесе өндірілетін ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алуы екіталай болатынын көрсететін болса, жəне шығарылымның жеткізілу уақытында сатып алушының шығарылым үшін төлейтін бағасы шығарылымның бірлігіне келсімшарт арқылы бекітілмеген болса немесе ағымдағы шығарылымның бірлігіне нарықтық бағаға тең болмаса. Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау кіретінін анықтау жəне қайта анықтау 10. Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау қасиеттері кіретінін анықтауды келісімнің мерзімінің басында яғни келісімге қол қойған күн мен тараптардың келісімнің негізгі шарттарын қабылдаған күнінің екеуінің уақыт жағынан алдыңғысында барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін келісім мерзімі басталғаннан кейін қайта анықтау тек төмендегі шарттардың біреуі орындалғанда ғана жасалуы тиіс: (a) Келісімшарттық шарттары өзгертілсе, егер осы өзгеріс тек келісімді қайта бастайтын немесе мерзімін созатын болмаса. (b) Келісімді қайта бастау мүмкіндігі қолданылса немесе мерзімін созуға келісімнің тараптары келіссе, қайта бастау немесе созу уақыты, 17 ХҚЕС-тың (IAS) 4 тармағына сəйкес, бастапқыда жалдау мерзіміне кіргізілмеген болса. Бастапқы келісімнің шарттарының кез-келгенін бастапқы келісімнің мерзімінің соңына дейін өзгертуді қамтымайтын келісімді қайта бастау немесе оның мерзімін созу 6-9 тармақтары бойынша тек қайта бастау немесе созу мерзіміне қатысты ғана бағаланады. (c) Келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тəуелді болуын анықтауда өзгерістер енгізілсе. (d) Активке елеулі өзгерістер енгізілсе, мысалы, негізгі құрал нысанына елеулі физикалық өзгерістер енгізілсе. 11. Келісімді қайта анықтауды қайта анықтау күніндегі, келісімнің қалған мерзімімен қоса, барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Бағалаудағы өзгерістер (мысалы, сатып алушыға немесе басқа əуелетті сатып алушыға жеткізілетін шығарылымның бағаланған мөлшері) қайта анықтауды бастауға белгі болуы тиіс. Егер келісім қайта бағаланса, жəне құрамына жалдау кіретіні (құрамына жалдау кірмейтіні) анықталса, жалдауды есепке алу төмендегілер бойынша қолданылуы (немесе қолданылуы тоқтатылуы) тиіс: (a) 10 тармақтың (а), (с) немесе (d) жағдайлары орын алғын кезде, қайта анықтауға əкелетін жағдайлардың өзгерісі орын алғаннан бастап, (b) 10 тармақтың (b) жағдайында, келісімді қайта бастау немесе созу мерзімінің басталғаннан бастап. Басқа төлемдерден алынатын жалдау үшін бөлінетін төлемдер 12. Егер келісім жалдаудан тұрса, онда 17 ХҚЕС-тың (IAS) 2- тармағына сəйкес талаптарды қоспағанда, келісім тараптары келісімнің жалдау элементтеріне 17 ХҚЕС (IAS) талаптарын қолдануы тиіс. Сəйкесінше, егер келісім құрамында жалдау болса, бұл жалдау 17 ХҚЕС-тың (IAS) 7-19-тармақтарына сəйкес қаржылық жал немесе қазіргі кезеңдегі жалдау деп жүйеленуі тиіс. 17 ХҚЕС-тың (IAS) қолданыс саласына жатпайтын келісімнің басқа да элементтері басқа стандарттарға сəйкес есептелуі тиіс. 13. 17 ХҚЕС-тың (IAS) талаптарын қолдану мақсатында, келісіммен талап етілген төлемдер мен басқа да сыйақылар келісімнің басында немесе келісімнің қайта қаралуында жалдау үшін жəне оларға қатысты əділ құн негізіндегі басқа элементтер үшін деп бөлінуі тиіс. 17 ХҚЕС-тың (IAS) 4-тармағында анықталғандай жалдаудың минимум төлемдеріне тек қана жалдау үшін төлемдерді (басқа сөзбен айтқанда активті қолдану құқығы) қамтиды жəне келісімдегі басқа элементтер үшін төлемдерді шығарып тастайды (мысалы қызметтер мен шығындар құны). 14. Кейбір жағдайларда келісімдегі басқа элементтер үшін төлемдерден жалдау үшін төлемдерді бөлу сатып алушыдан бағалау əдісін қолдануды талап етуі тиіс. Мысалы, сатып алушы жалдау төлемдерін ол басқа элементтерді қамтымайтын, салыстырмалы актив үшін, жалдау келісімінің сілтемелері арқылы немесе салыстырмалы келісімдерге сілтеме жасау арқылы басқа келісілген элементтер үшін төлемді бағалау арқылы жəне одан кейін осы төлемдерді келісілген толық төлемдерден алып тастау. 15. Егер сатып алушы төлемдерді дұрыс бөлу іске асырылмайды деген қорытындыға келсе: (a) қаржылық жалға қатысты, негізгі актив əділ құнына[1] тең сомасы, ол жалдау мəселесі ретінде 7 жəне 8 тармақтарда анықталған актив пен міндеттемені тануы тиіс. Сонан соң міндеттеме жасалған төлемдердей жəне есептік қаржы шығындары сатып алушының өсетін қарыз пайызын қолдануы танылғандай қысқартылуы тиіс[2]. (b) қазіргі кезеңдегі жалдауға қатысты, келісім бойынша барлық төлемдерін 17 ХҚЕС-тағы (IAS) ашып көрсету талаптарын қанағаттандыратын мақсаттар үшін жалдау төлемдері сияқты есептеу керек, бірақ (i) басқа келісімдер минимум жалдаулық емес элементтері үшін төлемдерді қамтитын басқа келісімдер жалдау төлемдерінің минимумынан бөлек төлемдерді ашып көрсету, жəне (ii) ақпараты ашылған төлемдер сонымен қатар келісімде жалдаулық емес элементтер үшін төлемдерді қамтитынын хабарлау. 16. Осы түсіндірмені ұйым 2006 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. 16A Ұйым 4 (b) тармағына енгізілген түзетулерді 2008 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер ұйым 12 ХҚЕСТК (IFRIC) Түсіндірмесін ертерек мерзім ішінде қолданса, түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс. 17. 8 ХҚЕС-та (IAS) ұйым Түсіндірмені бастапқы қолдану нəтижесінде болған есеп саясатындағы өзгерісті қалай қолдану керектігі нақты көрсетілген. Ұйымнан осы Түсіндірмені бірінші рет қолданғанда сол талаптарды орындауы талап етілмейді. Егер ұйым босатылуды қолданса, осы Түсіндірменің 6-9 тармақтарын ХҚЕС-тары (IFRS) бойынша сол кезеңнің басында орын алған барлық деректер мен жағдайлар бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған ең ерте кезеңінің басында орын алатын келісімдерге қолдануы тиіс.
[1] 17-ші ХҚЕС-та «әділ құн» термині 13-ші ХҚЕС-та көрсетілген анықтамадан басқа мағынада қолданылады. Сондықтан, 17-ші ХҚЕС-ын қолданғанда, ұйым әділ құнды 13-ші ХҚЕС-ы емес, 17-ші ХҚЕСқа сәйкес бағалауы тиіс. [2] 17-ші ХҚЕС-тың тармағында көрсетілгендей, жалға берушінің міндеттемелерінің ішкі пайыздық көрсеткіші.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |