ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), интернет-ресурсы: www.egov.kz, www.mсі.gov.kz, баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Респубикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсі.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардағы стенділерде орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Комитетке өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік қызмет мына сәттен: а) жеке өзі келгенде тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызмет құжаттар берілген күні көрсетіледі; б) пошта арқылы жазбаша өтініш берілгенде осы Стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде; в) портал арқылы электрондық сұраныс берілгенде осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі; 2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут; 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут; Орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: а) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырып, Орталық құжаттарды Комитетке жіберген сәттен бастап күнтізбелік 20 күнге дейін (Орталық орналасқан жердің ара қашықтығына байланысты) көрсетіледі; 2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минут; 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут. 8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50%-ын құрайтын мемлекеттік баж алынады. Апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Комитетке өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу Комитеттің жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады. Орталыққа өтініш білдірген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кесте белгіленеді, филиалдар мен өкілдіктер үшін 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Ғимаратта құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайда тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады: Комитетке өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелері; 2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе сенім білдірілген тұлғаның (жеке өзі келгенде) өкілеттігін куәландыратын құжат; 3) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек. Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұраныс сұранысты жіберген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген құжаттар сканерге түсіріліп қоса беріледі. Апостиль мөртабанын қою үшін мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасы не мұрағат құжаттарының көшірмелері талап етіледі. Орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелері; 2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе сенім білдірілген тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат; 3) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек. Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелердің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді. 12. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін бланкілер, өтініштер толтыру талап етілмейді. Тұтынушы портал арқылы өтініш білдіргенде электронды сұраныс нысанын толтырады. Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады. 13. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін құжаттар мына мекенжайға тіркеуге тапсырылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29. Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алуының белгіленген күнін көрсете отырып, Комитеттің осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі растайды. Тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып хабарлама есеп жолданады. Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға: 1) сұраудың нөмірі мен қабылданған күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күні мен орны; 5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. 15. Комитет апостильденген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін тұтынушы (сенімді тұлға) жеке өзі келгенде тұтынушыға (сенімді тұлғаға) береді не пошта арқылы тұтынушыға не тұтынушыға жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге жібереді. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29. Портал арқылы сұраныс берілген жағдайда тұтынушыға алынғаннан кейін апостиль қойылатын мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасын және мұрағат құжаттарының көшірмесін ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Құжаттар тиісінше рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Комитет тұтынушыға не Орталыққа бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып оларды қайтарады.
17. Комитет және Орталық қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау; 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау; 3) сыпайылық; 4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну; 5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Комитеттің уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 462-бөлме, телефон: (7172) 74-05-31 түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысы түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58. 21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz. 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс, 231-бөлме. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық директорының атына шағым беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы. 24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Өтінуші өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді: 1) тегі, аты, әкесінің аты; 2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы; 3) шағымның мәнін баяндау; 4) жеке қолы және күні. Қажет болған жағдайда өтінуші өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді. 25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді. 26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсі.gov.kz.
мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
|