Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1249 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін (бұдан әрі - ҒЗК) құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алғыжоба - өнімді әзірлеу негіздемесін және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану бойынша бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттаманың түрі; 2) дербес сынаулар (бұдан әрі - ДС) - ҒЗК аралас бұйымдарымен оның жұмыс істеуін тексермей-ақ жекелеген бұйымды эксперименттік өңдеу кезінде айқындалатын және жүргізілетін сынау түрлерінің жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|