Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін (2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы Қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысымен бекітілген
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 1. Осы Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектілері (бұдан әрі - лицензиат) болып табылады. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (бұдан әрі - лицензия) бөлінбейтін болып табылады және оны лицензиат басқа заңды тұлғаға бере алмайды. 5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 1) мақта тазалау зауыты - шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеуге арналған мамандандырылған құрылыс; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2) мақта қабылдау пункті - шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған мамандандырылған құрылыс; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны; қабылдау, сақтау, тазалау және беру, мақта талшығы мен мақта тұқымын ақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) белгіленген нысандағы өтініш; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен алынып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен алынып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 5) өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) мыналардың: белгіленген тәртіппен берілген мақта тазалау зауытына және мақта қабылдау пунктіне(теріне) арналған техникалық паспорттың; шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі техникалық жобаның және технологиялық регламенттің нотариалды куәландырылған көшірмелері; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 8) мақта тазалау зауыты бойынша: мыналардың: кемінде бір мақта қабылдау пунктінің; шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың; таразы жабдығының; желдету жабдығының; тиеу-түсіру тетіктерінің; мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың; мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орынның; мақта тазалау зауытында өткізу режимінің болуы туралы заңды тұлғаның бірінші басшысы куәландырған анықтамалар; өрт сөндіру құралдарының; қоршау құрылыстарының. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 9) мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегі мақта қабылдау пункті(тері) бойынша: мыналардың: шитті мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның; таразы жабдығының; желдету жабдығының; сынамаларды іріктеуге және шитті мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың; тиеу-түсіру тетіктерінің; мақта қабылдау пунктінде (терінде) өткізу режимінің болуы туралы заңды тұлғаның бірінші басшысы куәландырған анықтамалардың; өрт сөндіру құралдарының; қоршау құрылыстарының. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 10) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 10) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуы туралы заңды тұлғаның бірінші басшысы куәландырған анықтама; 11) зертханадағы өлшеулердің жай-күйін бағалау туралы, сондай-ақ, өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері. 7. Лицензия беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесін, лицензиар құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойып, өтініш берушіге жібереді (тапсырады). 8. Лицензиар лицензияны осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензиар лицензия беруі немесе лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады; 3) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен алынып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 10. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы. 11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның төлнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш берген (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында» «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 12- тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 12. бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, оның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
3. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
13. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 14. Лицензия өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда: 1) лицензия алып қойылғанда; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2) бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға таратылғанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 3) лицензия ерікті түрде қайтарылғанда; 4) лицензияланатындардың тізбесінен шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызмет алып тасталса тоқтатады. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы. 16. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысымен бекітілген
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің; 2) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі техникалық жобаның және технологиялық регламенттің; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) мақта тазалау зауытында: кемінде бір мақта қабылдау пунктінің; шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың; таразы жабдығының; желдету жабдығының; тиеу-түсіру тетіктерінің; мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың; мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орынның; өрт сөндіру құралдарының. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде: шитті мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның; таразы жабдығының; желдету жабдығының; сынамаларды іріктеуге және шитті мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың; тиеу-түсіру тетіктерінің; өрт сөндіру құралдарының; ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 5) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегі мақта қабылдау пунктінде өткізу режимінің; мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс. 6) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.
|