Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы балама негізде көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - стандарт) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды. мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау көзделмеген; 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты: пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі (Орталыққа жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді); жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт оныншы жұмыс күні беріледі (Орталыққа жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді); алаңы 1000 шаршы метрге дейін жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорт күнтізбелік он бесінші күні беріледі (Орталыққа жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді); алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорт өтініш беруші жүгінген күннен бастап күнтізбелік отызыншы күні беріледі (Орталыққа жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді); мерзімді одан әрі ұзарту тұтынушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына қарай жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім тұтынушы жүгінген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс. 8. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру үшін ақы, мемлекеттік басқару органы бекіткен баға прейскурантына сәйкес айқындалады және уәкілетті органның есеп шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрінде енгізіледі. 9. Уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсебіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін құжаттар қабылданады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Уәкілетті органның үй-жайында жеке кіреберіс, күту залы, анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділері болады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің иесі (өзге құқық иеленуші) немесе оның уәкілетті өкілі өзінің жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды: 1) уәкілетті органның атауы, жылжымайтын мүліктің түрі, оның орналасқан жері, тұтынушының (уәкілетті өкілдің) деректері жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері көрсетілген жазбаша өтінішті; 2) тұтынушының (жеке тұлғаның) және тұтынушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесін; 3) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты; 4) болған жағдайда жылжымайтын мүліктің қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды; 5) техникалық паспортты бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады. 12. Уәкілетті органда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе құжатты қабылдаған қызметкерде болады. Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультанттарында болады. 13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсеткен кезде тұтынушыға: сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; жылжымайтын мүліктің мекенжайы (кадастр нөмірі); қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы көрсетілген кезде тұтынушыға: сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Уәкілетті органда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық түгендеуді өткізуден мынадай жағдайларда: 1) құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталғанда; 2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмегенде; 3) құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде; 4) жылжымайтын мүлік объектісіне қол жеткізу қамтамасыз етілмегенде бас тартады. Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде уәкілетті орган тұтынушыға (тұтынушының уәкілетті өкілі) бас тартудың себептерін көрсетіп, күту залының «терезесі» арқылы хабарлама береді. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы көрсетілген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа одан әрі тұтынушыға (тұтынушының уәкілетті өкіліне) беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуден бас тартылған кезде тұтынушыға қызмет көрсеткені үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып беріледі. Осы құжатты техникалық паспорт алу үшін қайта сұрау бергенде немесе төленген соманы уәкілетті орган қайтарып беруі үшін ұсына алады.
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталықтың, уәкілетті органның қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|