Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 қаулысымен бекітілген
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жұмысқа алғаш рет рұқсат беру - өкім немесе наряд бойынша жұмыстың алғаш рет жүзеге асырылатын рұқсат беру; 2) тарату құрылғысы (бұдан әрі - ТҚ) - электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет атқаратын, коммутациялық аппараттардың жиынтығынан, жиналмалы және жалғамалы шиналардан, релелік қорғанысы мен автоматиканың көмекші құрылғыларынан, есепке алу және өлшеу құралдарынан тұратын электр құрылғысы; 3) ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі - АТҚ) - барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан тарату құрылғысы; 4) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|