ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 676 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.21.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) көрсетеді немесе осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) немесе www.pki.gov.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі - интернет ресурс) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 21-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) интернет ресурста; 2) орталықтардағы стенділерде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша; 3) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат 1414 call-орталығының телефоны бойынша да ұсынылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|