ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру»
1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 16-бабының, «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Агенттіктің www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнінен кешіктірмей; 2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|