|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 248-256-баптарының, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 537-бабының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы 7-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналасқан. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: бала асырап алуды тіркеу және бала асырап алу туралы қағаз тасығышта куәлік беру болып табылады. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген кезде мемлекеттік қызметті алушыға енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, құжатты берген тіркеуші орган басшысының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік не қағаз тасығышта дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына және шетелдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) бала асырап алуды тіркеген кезде - 1 жұмыс күні; республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбасының электрондық нұсқасы болған кезде, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеу кезінде өтініш 15 күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушыны хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Қазақстан Республикасының азаматтары бала асырап алған кезде мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Шетелдіктер бала асырап алған кезде, сондай-ақ өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген кезде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. 9. Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады. 10. Уәкілетті органның үй-жайында мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған азаматтарды, қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады. Кабинеттерге толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар не оның уәкілетті өкілі: бала асырап алуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 2-қосымша); 2) жеке бастарын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін; 3) бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін; 4) баланың туу туралы куәлігін; 5) егер некеге 2008 жылға дейін тұрған болса, бала асырап алу алушылардың неке туралы куәлігінің көшірмесі,сондай-ақ шетелдік азаматтар үшін де осындай талап қойылады; 6) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат; 7) шетелдіктер үшін бюджетке мемлекеттік баждың төлегенін растайтын құжаттары; 8) шетелдіктің тұруға ықтиярхаты; 9) жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге шетелдіктер мұның нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған мәтінін ұсынады; бала асырап алуды тіркеуге байланысты туу туралы актілік жазбаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 3-қосымша); 2) туу туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - туу туралы тіркеу анықтамасын; 3) бала асырап алуды туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - бала асырап алуды туралы тіркеу анықтамасын; 4) соттың бала асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы шешімі; 5) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін растайтын құжаттар; 6) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салықтық жеңілдіктер берілуге негіз болып табылатын құжат; 7) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжатты ұсынады. 12. Өтініштің үлгісі Министрліктің порталында, сондай-ақ интерент-ресурсында www.minjust.kz (Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету стандарттары бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» кіші бөлімінде) немесе мекенжайы осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген ұйымның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. 14. Тиісті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салуды қабылдаған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беретін күні, уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген кезде онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Тапсырған құжаттары толық болмау фактісі анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органдағы құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. 21. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда электронды түрде не осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыздығын растайтын құжаттарды қоса беріледі. 24. Шағымдардың пошта және қолма-қол уәкілетті органда қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қараудың нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта бойынша хабарланады. Шағымды қолма-қол берген кезде мемлекеттік қызметті алшыға оның шағымын қабылдап алғандығы туралы растап, шағымды қабылдаған адам номері, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс мәліметтері бар талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
________________________________________ (тіркеуші органның атауы) ________________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі) мекен-жайы: ________________________________________ жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берген)
Бала асырап алуды тіркеу туралы
Мен _____________________________________________________________________________________________________ (тегі, есімі, әкесінің аты) және азаматша ____________________________________________________________________________________________ (тегі, есімі, әкесінің есімі) балаға ___________________________________________________________________________________________________ (баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.Е.Ә.) __________________________________________________________________________________________________________ (соттың атауы) заңдық күшіне енген шешімі ұсынылады. Баланың туған күні 20___ жылғы «_________» __________________________ Баланың туған жері _________________________________________________ Баланың туу 20______ жылғы «____________» __________________________ ______________________________________________________________________________________________ тіркелген. Бала туралы мәліметтерді көрсете отырып __________________________________________________________________________________________________________ (баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.Е.Ә, туған жері, туған күні) баланы асырап алуды тіркеуді сұраймыз. Бір мезгілде ата-анасы туралы мәліметтер енгізуді (егер соттың шешімінде көрсетілген болса) және жаңа куәлік беруді сұраймын. Өтініш берушілердің қолы ________________________________________________________________________________ Өтінішті берген күні _____________________________________________________________________________________ Жалған мәліметтер берген үшін жауапкершілікте болатыным туралы ескертілдім. «______» 20___ жыл __________________________________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдап алған адамның тегі, есімі, әкесінің аты) Журнал бойынша № ______ --------------------------------------------------------------------- (қиып алу сызығы) 20___ жылғы «______» ___________,_________ өтініш қарауға қабылданды. __________________________________________________________________________________________________________ Қараудың нәтижесі 20__ жылғы «_____» __________ хабарланады. Құжаттарды қабылдаған Маман ________________________________________________________________________ (тегі,есімі, әкесінің аты)
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
________________________________________ (тіркеуші органның атауы) ________________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі) мекен-жайы: ________________________________________ жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берген)
Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, ӨТІНІШ
____________________________________________________________________________________________ туралы актіге (актілік жазбаның № және күнін көрсету, себепті _________________________________________________________________________________________________ актілік жазаны тіркеген АХАЖ бөлімінің атауы) _______________________ _____________________________________________ ______________________________________________________________________________________ мынадай өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді сұраймын _____________________________________________________________ __________________________ ___________________________________________________________________________ Өзім туралы мыналарды хабарлаймын: 1. Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________________________________________________ 2. Туған күні (күні, айы, жылы) __________________________________________________________________________ 3. Туған жері (республикасы, облысы, қаласы,ауылы) _______________________________________________________ 4. Ұлты ______________________________________________________________________________________________ 5. Азаматтығы ________________________________________________________________________________________ 6. Отбасы жағдайы ____________________________________________________________________________________ 7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты туралы мәліметтер (Т.А.Ә., туған күні, айы мен туған жылы, өтініш берген сәттегі тұрғылықты жері) ___________________________________________________________________________________________________ 8. Жеке басты куәландыратын құжаты туралы деректер (№, қашан және кім берген) ____________________________ 9. Қайда, кім болып істейді_____________________________________________________________________________ 10. Әскери қызметке қатыстылығы: а) қай жерде есепте тұр _______________________________________________________________________________ б) қызмет ететін әскери бөлімінің атауы __________________________________________________________________ 11. Тұрған уақыты көрсетілген, тұтынушының тұрған жерінің толық тізбесі ____________________________________ 12. Тергеуде, сотта жатқан не өтелмеген не заңда белгіленген тәртіпте шығарылмаған соттылығы болған жағдайда, қашан және не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, егер сотталған болса қашан және қандай баппен, қандай сотпен және қандай жазалау шарасы қолданылғаны туралы көрсетілсін _________________________________________________________ Өтінішке мыналарды қоса беремін: 1) _______________________________ 3)________________________________ 2) _______________________________ 4)________________________________ 20__ жылғы «___» _____________ Жалған мәліметтер берген үшін жауапкершілікте болатыным туралы ескертілдім. «______» 20___ жыл __________________________________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты) журнал бойынша № ____ қоса берілген құжаттармен бірге __________________________________________________________________________________________________________ (қиып алу сызығы) 20____ жылғы «____» _________ азамат (ша)____________________________ азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш ______________________________ қосымша құжаттарымен қарауға қабылданды. Қарау нәтижелері 20____ жылғы «___» ___________ хабарланатын болады. Маман ______________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты)
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |