Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы (2014.10.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қалаларында және басқа елді мекендерінде құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеу қағидасы бекітілсін. 2. Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның салалық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасы
1. Осы Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) елді мекеннің шекарасы шегінде ерекше реттелетін аумақтарды және қала құрылысын регламенттеуді ескере отырып, қазіргі заманғы және перспективалық қала құрылысы және әлеуметтік-экономикалық дамуға, табиғи-климаттық, демографиялық жағдайлар мен ерекшеліктерге қатысты нақты елді мекен бойынша аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережелерін (бұдан әрі - Аумақтық ережелер) құруға арналған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|