|
|
|
«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Этил спиртін өткізу: 1) бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына; 2) өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге; 3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға жол беріледі.»; 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібі»; 8, 9, 19 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Осы Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібіне (бұдан әрі - 1-тәртіп) сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілетін этил спиртіне квотаны этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды. 9. Этил спиртін өндірушілер дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі - 1-алушылар) этил спиртін 1-алушыларға уәкілетті органның этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі - 1-жеткізушілер) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1-алушыларға этил спиртін өткізу құқығын беретін акті болып табылатын рұқсаты (бұдан әрі - 1-рұқсат) негізінде өткізеді. 19. Қосымша квоталау өндірілетін өнімнің мөлшері ұлғайған жағдайда, жаңа дәрілік заттарды өндіру, сондай-ақ мемлекеттік органның өтінімі бойынша қосымша медициналық қызмет көрсету үшін қажетті этил спиртін өткізу үшін 1-рұқсатты алу мақсатында жүргізілуі мүмкін. 23. 1-жеткізушілердің этил спиртін өткізгені үшін бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»; 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі - 2-алушы) этил спиртін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы бар және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектіден (бұдан әрі - 2-жеткізуші) тек осы Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі - 2-тәртіп) сәйкес сатып алады.»; 5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «5. Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу тәртібі 48. Этил спиртін өндіруші (2-жеткізуші) этил спиртін этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға осы Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі - 3-тәртіп) сәйкес өткізеді. 49. Осы 3-тәртіпте этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) деп 2-жеткізушінің спирт қоймасынан өлшеуіштермен спиртті ыдысқа, көлікке құю, белгіленген құжаттарды ресімдеу және өз аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі. 50. Этил спиртін қабылдауды этил спиртін осы қағидалардың 48-тармағында көрсетілген мұқтаждар үшін пайдаланатын ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін қабылдауға, есепке алуға және сақтауға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады. 51. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің көлемін айқындай отырып, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексерістен өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы жіберіледі. 52. Этил спиртін өндіруші (2-жеткізуші) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған орны бойынша салық органына осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізілген этил спиртінің көлемі туралы есепті табыс етеді. 53. Уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшесі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей осы қағидалардың 52-тармағында көрсетілген ақпаратты уәкілетті органға табыс етеді.»; көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада «акциз төлемей» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қағидаларға 5-қосымша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1619 қаулысына қосымша
Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 4-қосымша
__________________________________ (облыс, Астана немесе Алматы қаласы көрсетілсін) бойынша салық департаменті
Этил спиртін өндірушінің зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға 20 ___ жылғы _______ айында этил спиртін өткізу көлемі туралы есеп нысаны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |