Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген
Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Қағидада мынадай негізгі терминдер қолданылады: кеме билеті - шағын көлемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат; судағы жүрдек аттракцион - шағын көлемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|