Қазақстан Республикасының Президентінің (2012.08.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, № 17, 137-құжат); 2) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3012 өкімі; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2002 жылғы тамыздың 5-і.
№ 917
Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген ҚР Президентінің 2005.04.05. № 1570 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. 2. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттік заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне бақылау; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен коса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың тиімділігін, қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады. ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Есеп комитетi мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi, белгіленген үлгiдегi бланкілері және өзінің туы болады. 4. Есеп комитетiнiң құқықтық ережесi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады. 5. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына және 57-бабының 1) тармақшасына сәйкес қалыптасады. 6. Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды. 7. Есеп комитетiнiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
2. Есеп комитетiнiң функциялары
ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2011.24.08. № 141 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.08.04. № 294 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Есеп комитеті: 1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 3) мыналарға: өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігіне; республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтылығы мен уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен түсімдер сомаларының қайтарылуына, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне; мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына; бақылау объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізуінің растығы мен дұрыстығына; республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысқан гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына; республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына; Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуына; Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуына; квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігіне; акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады; 4) мыналарға: республикалық бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуына; орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына; бюджеттік инвестициялардың тиімділігіне бағалауды жүзеге асырады; 5) ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды; 7) ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді; 8-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органы жүргізген бақылаудың республикалық бюджеттің атқарылу бөлігіндегі нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы; 9) мемлекеттік қаржы бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының іс-әрекетінде қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді; 10) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады; 11) мемлекеттік қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында оқу бағдарламаларын іске асырады; 12) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және келіседі; 13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, екінші деңгейдегі банктерден және өзге қаржы ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды республикалық деңгейде жоспарлау мен жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруы үшін кажет болатын, өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге кіруге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады; 14) мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; 15) Қазақстан Республикасының Президентіне бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, оның ішінде тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізеді, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді; 16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан бекітілген жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзі белгілеген мерзімде алады; 17) бақылау және талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады; 18) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттау және сақтау мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылаудың қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады; 19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының тиісті мамандарын (олармен келісе отырып), сондай-ақ республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады; 20) шетел мемлекеттерінің қаржы бақылау органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен байланыс жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасады және халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді; 21) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің қызметі туралы ақпаратты тұрақты ұсынып отырады; 22) өзі қабылдаған актілердің мерзімді жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар мен басқа да басылымдар шығарады; 23) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді; 23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді; 23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырады және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекітеді; 23-3) Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 23-4) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді; 24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа талап арызбен және арызбен жүгінеді, сондай-ақ сот процестеріне қатысады.
3. Есеп комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
9. Есеп комитетiне Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайтын Төраға басшылық етедi. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.08.04. № 294 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Есеп комитетінiң Төрағасы: 1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттемелердiң орындалуына Қазақстан Республикасы Президентінің алдында, оның ішінде Есеп комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауда дербес жауапты болады; 2) Есеп комитетiнiң жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi; 3) Есеп комитетiнiң лауазымды адамдарының арасындағы мiндеттердi бөледi, Есеп комитетi мүшелерiнiң және оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады; 4) өз құзыретi шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының қарауына Есеп комитеті мүшелерінің кандидатуралары бойынша оларды тағайындау және қызметінен босату жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы; 5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Есеп комитетiнің жалпы штат саны және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Есеп комитетi аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi; 6) жұмыс учаскелерін, талдау және бақылау объектілерінің тiзбесiн бекiтедi; 7) Есеп комитетiнiң жылдық жұмыс жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын бақылау іс-шараларының жоспарларын бекiтедi, бақылаудың кезеңділiгi мен ұзақтығын айқындайды; 8) Есеп комитетiнің мүшелеріне бақылау жүргізуге тапсырмалар бередi; 8-1) Есеп комитеті аппараты қызметкерлері қызметінің, олар жүргізген бақылаудың, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектісінде бола отырып жүргізген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргізудің қажеттігін айқындайды; 9) Есеп комитетінің тәуекелдерді басқару жүйесін және қызметінің регламентін бекітеді; 10) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 11) республикалық және шетел ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарда Есеп комитетінің атынан өкілдiк етедi; 12) Есеп комитетi Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады; 13) Қазақстан Республикасы Үкiметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы; 14) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергiсіз танысады; 15) бақылау объектілерiнен бақылау iс-шараларын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзі белгiлеген мерзiмде алады; 16) заңдарда көзделген жауапкершілiкте болады; 17) осы Ереженiң 17-тармағында көзделген негiздемелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi, тиісінше Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Мәжілісі тағайындаған Есеп комитетi мүшесiнiң өкiлеттіктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына, Мәжілісіне ұсыныс бередi; 18) өзі болмаған жағдайда Есеп комитетi Төрағасының мiндетiн Есеп комитетi мүшелерiнің бiрiне жүктейдi; 19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Есеп комитетiнiң мүшелерi: 1) өз өкілеттiктерiн жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерілетiн бақылау объектілерiнiң жұмыс iстеуiне кедергі жасамауы және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауы қажет; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы; 3) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергісіз қол жеткiзе алады; 4) бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өздерi белгілеген мерзiмдерде алады; 5) өз құзыретi шегiнде өздерi жетекшiлiк ететiн қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз бетінше шешiм қабылдайды; 6) бақылауды тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемiн анықтай отырып, өз құзыретi шегiнде бақылау бағдарламаларын бекiтедi; 7) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерiне тексерулер жүргізуге тапсырмалар бередi; 8) Есеп комитетінің бақылау, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 9) заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 12. Өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Есеп комитетiнiң Төрағасы және мүшелерi: 1) ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) бақылау нәтижелерi бойынша актiлердi қабылдайды; 3) бақылау актілері негiзiнде бақылау нәтижелерi туралы қорытындылар жасайды; 4) Есеп комитетiнiң қаулыларын қабылдайды; 5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдарына - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша ұсынымдар жолдайды. 13. Анықталған кемшiлiктердi жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жiберiлген Есеп комитетiнiң қаулылары мен ұсынымдары оларда белгілеген мерзiмдерде немесе, егер мерзiмi көрсетiлмеген болса, оларды алған күннен бастап жиырма күн iшiнде қаралуға тиiс. 14. Тиiстi мемлекеттік орган және ұйым қаулы мен ұсыным бойынша қабылданған шешім туралы және оны iске асыру жөніндегі шаралар туралы Есеп комитетін дереу хабардар етедi. 15. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын, белгіленген үлгiдегі куәлiктер берiледi. 16. Республика Президентi тағайындаған Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Республика Президентінің шешiмiмен тоқтатылады. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 16-1-тармақпен толықтырылды 16-1. Есеп комитеті Төрағасының немесе мүшесінің орнынан түсу туралы өтініші оның себебі көрсетіле отырып, оны тағайындаған Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне тиісінше беріледі. Есеп комитеті мүшесінің орнынан түсу туралы өтініші Есеп комитетінің Төрағасын алдын ала хабардар ете отырып беріледі. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелері: 1) орнынан түсуiнiң қабылдануы; 2) оларға қатысты соттың айыптау үкімінiң заңды күшіне енуi; 3) белгiленген тәртiппен iс-әрекет қабiлетi шектеулі немесе іс-әрекетке қабiлетсіз деп танылуы; 4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ереженi бұзуы, өздерiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын әрекеттерге баруы, лауазымдық міндеттерін сақтамауы; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) қайтыс болуы себептi, сондай-ақ хабарсыз кеткен немесе дүние салған деп танылған жағдайда; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 6) тармақшамен толықтырылды 6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуы; ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен тармақ 7) тармақшамен толықтырылды 7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі; 8) басқа лауазымға тағайындалуы себепті мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін. ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен Ереже 17-1 тармақпен толықтырылды 17-1. Бақылау іс-шараларын, Есеп комитетінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қамтамасыз етуді Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады. Есеп комитетінің аппаратын Есеп комитетінің Төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметтi өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, осы Ережемен және өзге де нормативтік құқықтық актiлермен айқындалады. 19. Есеп комитетiнiң төрағасы Есеп комитетiнiң құзыреті шегiнде бақылау іс-шараларын жүргiзуге қатысуға хақылы Есеп комитетi аппараты қызметкерлерiнiң шеңберiн айқындайды. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 2012.08.04. № 294 Жарлығымен 19-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19-1. Есеп комитетінің қызметі Есеп комитетінің Төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Сапаны бақылауды қоспағанда, Есеп комитетінің жылдық және тоқсандық жоспарлары ғана бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің және ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі адамдарының тапсырмалары бойынша бақылау Есеп комитетінің тоқсандық жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде жүргізіледі. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 19-2-тармақпен толықтырылды 19-2. Есеп комитетінің Төрағасы мерзімін белгілейтін тиімділікті бақылауды қоспағанда, бақылауды жүзеге асыру мерзімі алдағы жұмыстар мен қойылған міндеттердің көлемі ескеріліп, бақылау объектісінің басшысына тапсырма берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейін белгіленеді. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 19-3-тармақпен толықтырылды 19-3. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Есеп комитетіне оның міндеттерін орындауда жәрдем көрсетеді, құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, өздері жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты заңмен белгіленген тәртіппен оның сұратуы бойынша береді. Есеп комитетінің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 19-4-тармақпен толықтырылды 19-4. Есеп комитеті өзінің бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде бақылау объектісінен тәуелсіз болады. Есеп комитетінің тәуелсіздігі: 1) Есеп комитетінің қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың заңсыз араласуына жол бермеу; 2) өз қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар жасау; 3) Есеп комитетінің қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен жеткілікті қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын ақпарат пен есептердің құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау іс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады. ҚР Президентінің 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен 20-1-тармақпен толықтырылды 20-1. Есеп комитетінің отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді. Есеп комитетінің шешімдері Есеп комитетінің отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. 21. Есеп комитетiнiң отырыстарын жүргiзудiң тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер Есеп комитетiнiң регламентiмен айқындалады. |