Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізімі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Рау |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 495 бұйрығына 1-қосымша