Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысымен бекітілген
Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және порт құрылыстары мен теңіз портының акваториясын техникалық пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағиданың талаптары теңіз портының барлық жұмыскерлеріне, кеме экипаждарына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, өз қызметін теңіз портының аумағында жүзеге асыратын басқа ұйымдардың жұмыскерлеріне қолданылады. 3. Негізгі терминдер мен анықтамалар: 1) ағымдағы жөндеу - тірек элементтерді қоспағанда, құрылыс конструкциясының жекелеген элементтерін ауыстыруды немесе қалпына келтіруді көздейтін операциялар кешені; 2) жобалау ұйымы - объектіні (құрылысты) жобалаған кәсіпорын немесе тиісті объектілерді (құрылыстарды) жобалау жөніндегі мамандандырылған кәсіпорын; 3) жөндеу - құрылыс жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені (жөндеудің түрлері ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу болып табылады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|